Жалған терроризм үшін жауаптылық

13 февраля 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Салынған бомба туралы» жалған хабар тақырыбы (жалған терроризм немесе телефон терроризмі) өзекті проблема болып табылады, өйткені қоғамдық қауіпсіздікке және мемлекетке елеулі залал келтіреді. 

Әдетте белгісіз азамат ішкі істер органдарына жақында болатын террористік акт, қоғамдық жерде  (сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары және т.б.) жарылғыш заттың болуы, өртеу және басқа әрекеттер туралы хабарлайды.   

Хабар берген адамның мақсаттары әртүрлі: қандай да болсын жұмысты, шараны тоқтату, әзіл үшін немесе бұзақылық және пайдакүнемдік ниеті болып табылады. 

Бұл ретте терроризм туралы көрінеу жалған хабарламаның қылмыс болып табылатынын, оны жасағаны үшін жауаптылықтың көзделгенін әрбір азамат біле бермейді. 

Осылайша Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен азамат Т. дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламасы үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша  қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеумен 6 айға бас бостандығынан айыруға сотталған.   

Істің жағдайлары бойынша азамат Т. ұялы телефонынан «102» тетігіне Қостанай қ. клубында салынған жарылғыш зат туралы жалған ақпаратты хабарлаған. 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жасалған қылмыс ауырлығы орташа қылмыстың санатына жатады. 

Ақпаратты тексеру үшін оқиға орнына құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері, өрт сөндіру есеп топтары шыққан болатын. 

Кейіннен Қостанай қалалық сотының шешімімен кінәлі тұлғадан мемлекетке келтірілген 14 366 теңге мөлшерде залал сомасы өндіріп алынған.  

Осылайша дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлаған тұлға қылмыстық жауаптылыққа, сондай-ақ азаматтық тәртіпте залал сомасын өндіріп алу бойынша материалдық жауаптылыққа тартылады.   

 

Қостанай қалалық прокуратурасы 

 

Комментарии

Добавить комментарий