Құқық қорғау қызметі орталығыныңда ашық есік күні

07 февраля 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Құқық қорғау қызметі орталығыныңда ашық есік күні  - 1806090725

Облыс прокуратурасының Құқық қорғау қызметі орталығында                    2020 жылғы 5 ақпанында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін  Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына ұштастырылды.

Осы іс-шара шеңберінде студенттер дәріскер - облыс прокурорының аға көмекшісі Е.Ж. Курманалиновтың «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі Құқық қорғау қызметі орталықтарының рөлі» тақырыбында лекциясын тыңдады.

«Азаматтық істер бойынша азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу ерекшеліктері» - дәріскер  «Қостанай облысының «Заңгер» заң консультанттар палатасы» заң консультанттары палатасының мүшесі                                                              Б.С. Абишев.

Сонымен қатар іс-шара барысында студенттер сот актілерінің орындалуын бақылау саласындағы медиатордың, адвокаттың, Әділет департаменті мамандарының жұмысымен танысты.

Сонымен бірге азаматтардың және заңды тұлғалардың  өтініштерін «E- Gov» электрондық үкімет порталы арқылы министрлікке және ведомстволарға адресаттау мүмкіндігі, сондай-ақ «ҚҚҚО АЖО» ақпараттық жүйесінің жұмыс тәртібі ұсынылды.

 

 

Қостанай облысының

прокуратурасы

 

Құқық қорғау қызметі орталығыныңда ашық есік күні  - 1770517829