Абай болыңыздар, алаяқтар!

30 января 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алаяқтық – жеке меншікке қарсы, сенімге қиянат жасау жолымен жасалатын, қылмыстық іс-әрекеттің бірі болып табылады.

Алаяқтықтың жасалу жолдарына талдау жасай келе, жәбірленушілер тым қырағылық танытқан болса, қылмыстардың басым бөлігін болдырмауға болатын еді деп айтса қате болмайды.

Лисаков қаласында кейбір азаматтар өздерінің жеке басы туралы ақпаратты, ЖСН, банк карточкаларының нөмірлерін және тағы да басқаны алаяқтарға хабарлап, зардап шеккен.

Аталған ақпаратты алып, алаяқтар ақшалай қаражатты басқа есепшоттарға ауыстырып, ұрлауға қол жеткізген.

Мысалы, 2019 жылы алаяқтар телефон арқылы пәтер сатып алушы ретінде танысып, алдау арқылы банк есепшотынан 8 млн.теңгеден артық ақшаны ұрлаған.

Ол үшін алаяқтар жәбірленушіге телефон шалып, банкоматқа барып интернет банкинг қосуын өтінеді. Сол кезде тіркеуші нөмір ретінде өздерінің ұялы телефон нөмірін ұсынып, ұялы банкингті алаяқтың нөміріне ресімдеген.

Содан соң депозиттегі ақшалай қаражатты еш қиындықсыз басқа шоттарға ауыстырып ұрлаған.

Сонымен қатар алаяқтар өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру мақсатында әр түрлі интернет-сайттарды қолданады. Азаматтарды алдау мақсатында тауар сатамыз деп алдап, ақшаны алып алайда тауарды кейін жеткізбейді.

Одан басқа алаяқтықтың басқа да түрлері орын алып жатады. Мысалы, азаматтарға телефон соғып, жақын туысқандары қиындыққа тап болғанын хабарлап, ақшалай қаражатты түрлі әдістермен иеленіп жатады.

Алаяқтықтың сан түрлі жолдары болуын ескере отырып, азаматтарға қырағылық таныту қажеттілігін ескерткен жөн. Жеке басының ақпараттарын, банк есепшоттарын және тағы басқа ақпаратты танымайтын тұлғаларға таратудан аулақ болу қажет деп ескертеміз.

Сондай-ақ әр түрлі акциялар, ұтыстардың жеңімпазы туралы келіп түсетін телефон хабарламаларына жауап беру, күдікті келісімдер бойынша ақша қаражатын аудару, танымайтын телефон тұлғалардың нұсқауы бойынша банк терминалдары арқылы  операция жүргізу, сонымен қатар банктік карталар мен шоттардың құпия сөзін айтпау керек емес екенін атап өткен дұрыс. Ақша аудармақ түгелі, ондай хабарламаларға мүлде жауап беру қажеттілі жоқ екенін еске саламын.

 

 

Лисаков қаласының прокуратурасы