Облыс прокуратурасымен С.Т.Байбуловқа қатысты қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. (Брифинг.20.09.2013 жыл)

20 сентября 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұзынкөл аудандық Ішкі істер бөлімі Жол полициясы бөлімшесінің бастығы С.Т.Байбулов есірткі заттарын пайдалану салдарынан мас күйлерінде автокөлік құралдарын жүргізетін тұлғаларды анықтауға қатысты көрсеткіштерін арттыру мақсатында Ұзынкөл селосындағы өзінің тұрғын үйінде 2013 жылдың 21 мамырында О.В.Гасичті жауапкершілікке тартамын деп қорқытып соңғыны С.Т.Байбуловтан есірткі затын алып, оны әрі қарай автокөлік құралдарын жүргізетін тұлғалармен бірге пайдалануға мәжбүрлеген.

Өз кезегінде С.Т.Байбулов О.В.Гасичке өткізбек болған есірткі затын тергеумен анықталмаған тұлғадан алып, өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша сақтаған.

Үстіміздегі жылдың 22 мамырында Қостанай облысының Ішкі істер департаментімен С.Т.Байбуловқа қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 259-бабы 3-бөлігінің «г» тармақшасында белгіленген қылмыс белгілері бойынша (лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алу, тасымалдау немесе сақтау не өткiзу - мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) қылмыстық іс қозғалды.

2013 жылдың 25 мамырында Қостанай қаласының №2 сотымен С.Т.Байбуловқа қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

С.Т.Байбуловтың үй-жайын тінту кезінде соңғы қылмыстық қудалау органына салмағы 21,30 (жиырма бір бүтін жүзден отыз) грамм болатын «кептірілген марихуана» түріндегі есірткі заты салынған целлофан пакетін өз еркімен берген.

Аталған факт бойынша 2013 жылдың 27 мамырында Қостанай облысының Ішкі істер департаментімен С.Т.Байбуловқа қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 259 бабы 3 бөлігінің «г» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде, 2013 жылдың 5 қыркүйегінде С.Т.Байбуловқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабы 3–бөлігінің «г» тармақшасы, 307-бабының 2-бөлігі (лауазымды адам жасаған қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану - бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша қозғалған қылмыстық іс облыс прокуратурасымен Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында жолданып, қазіргі уақытта қаралуда.

 

Комментарии

Добавить комментарий