Қостанайда тарифтер одан сайын арзандады!

08 ноября 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 

Қостанайда тарифтер одан сайын арзандады!

 

Қостанай қ. прокуратурасымен халық үшін 1 қыркүйектен бастап жарық пен жылудың ақысы төмендетілді.

Бұл туралы жылу және электрэнергиясына тарифтерді қалыптастыру кезінде заңдылықтың жағдайына байланысты тексерістің нәтижелері бойынша анықталды.

Атап айтқанда, «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жөндеу мен құрал-жабдықты сатып алуға байланысты шығындарды негізсіз тарифтерге қосқандығы, ал «Костанай ЭнергоЦентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электрэнергияны беруге байланысты шығындарды жоғарылатқаны анықталды.

Прокурорлық ден қою актісін енгізгеннен кейін жылуға байланысты мекеме өтемдік тарифті (Гкал үшін 6 856-дан 6844,13 теңгеге дейін) енгізген болатын.

Сондай-ақ «Костанай ЭнергоЦентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің электрэнергияның тарифі 300 мың абонеттер үшін 19,14-тен 18 теңге/кВтч төмендетілген болатын.

 

 Қостанай облысының прокуратурасы

 

 

Комментарии

Добавить комментарий