«Алаяқтықтан сақтан»

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алаяқтықтын бірнеше түрі бар, бірақ алаяқтықтың негізгі принципі — адамды жаңылысуға жеткізу, оны түрткілеу, кез келген сылтаумен өз еркімен алаяққа ақшаны, меншікті, бірдемеге құқығын тапсыру.

Алаяқтық психологияның білімінде және адам тәртібінің біркелкілікте  тұрғызылға. Алдамшылықтың нақтылы тәсілдері өте түрлі-түрлі мүмкін. Кейде  бұл женіл, қарадүрсін тәсілдері, бірақ кейбір жағдайларда алаяқшылар  күрделі жоспарды жүзеге асырады, топпен әрекет етеді.

2014 жылғы 9 айында Қамысты ауданының аумағында алаяқтықтың 9 фактісі тіркелген, өткен жылдың тақылеттес кезеңімен салыстырғанда алаяқтық 66% болды.

Мысалы, 2012 жылдың желтоқсан айында «М» азамат Қамысты ауылында қасақана, өзіне пайда көру мақсатымен, басқа біреудің сенімін теріс пайдаланып, алдамшы әрекет жасап, «П» азаматша атына соммасы 500 000 тенге несиеге алуға шарт жасасты.

Қылмыстық әрекеттерін жалғастыра отырып «М» азамат 2013 жылдың сәуір айында «Е»азамат атына соммасы 400 000 тенге құрайтын несие алды, 2013 жылдың қазан айында «Ш» азаматтан қарызға 255 000 теңге алып кейіннен оны өтемей кетті.

Аталған мән-жайлардың салдарынан жәбірленушілерге жалпы соммасы 1 155 000 теңгеге материалдық залал келтірілді.

Осы фактілер бойынша аудан прокуратурасы қаулысымен ҚР ҚК-нің 177 бабы 2 бөлімі «б» тармағымен - алаяқтық, яғни бірнеше рет бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алу қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу сатысында жатыр.

Өзіңізді алдамшылықтан қорғаңыз — қырағалық болыңыз, таныс емес адамдардың нұсқаулығы бойынша әрекеттерді жасауға кірісу асықпаңыз, егер олардың нұсқаулығы сізден ақша қаражаттарын аударуға немесе басқа тәсілмен акша аударуға талап етеді. Шұғыл әрекеттер сіздің қаржы залалға алып келуге мүмкін.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі