Қылмыстық істер бойынша айыппұлдарды өндіріп алу

22 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Қостанай облысының прокуратурасы сот үкімдерінің орындалуына қадағалауды жүзеге асыру кезінде қылмыстық істер бойынша айыппұлдарды өндіріп алуды үш есе жоғарылатты (41-дан 130-ға дейін).

         Ағымдағы жылы сот орындаушыларында 25 млн. теңгеден астам сомаға қылмыстық істер бойынша айыппұлдарды өндіріп алу туралы 180-нен астам атқарушылық iс жүргiзу болған, соның ішінде 18 млн. теңге өндіріліп алынды.  

         Прокуратураның бастамашылық етуімен сот айыппұлдар бойынша жалпы сомасы 5,3 млн. теңге берешегі бар 43 борышкерге қатысты қоғамдық жұмыстар немесе қамауға алу түріндегі жазамен ауыстыруды жүргізді.

         Прокуратураның қадағалау актілері бойынша айыппұлдарды өндіріп алу бойынша сот үкімдерін сапасыз орындағаны және созбалауға байланысты 13 сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу