Қостанайдың колониясында өнiмнiң жәрмеңкесі өтті

18 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

      Қостанай облысы прокуратурасының бастамашылық етуі бойынша Қостанай қ. УК-161/2 қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде сотталғандармен жасалған өнімдердің жәрмеңкесі өткен болатын. Мақсаты – облыстың түзеу мекемелерінде өндірістерді ашуға байланысты кәсіпкерлерді тарту, сондай-ақ сотталғандардың максималды санын жұмыспен қамту болып табылады.

        Жәрмеңкеде кәсіпкерлермен қатар облыс және аудан әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Ағаштан жасалған көркемөнер бұйымдары мен халық тұтынатын тауарлар келушілердің үлкен қызығушылығын тудырды. Мұнда жарма және макарон өнімдерін өндірудің, жиһаз және әртүрлі ағаш бұйымдарын, жарнамалық тақталар мен баннерлерді жасап шығарудың жөнге салынғанын атап өткен жөн. Ағымдағы жылы құс фабрикасы ашылып, сотталғандар үй құстарын өсіру және көбейтумен айналысып жүр.

        Өндірілетін өнім қаланың дүкендерінде іске асырылуда. Бүгінгі таңда мекеменің аумағында 345 сотталғанды жұмысқа орналастырған 14 кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыруда. Жалпы алғанда УК-161/2 мекемесінде сотталғандардың 75%-ы жұмысқа орналастырылған. Соған байланысты, олар тек ағымдағы жылда ғана жәбірленушілерге 15,5 млн. теңгеден астам залалдың орнын толтырған болатын.

      Оған қоса, мекемеде колледж базасында неғұрлым қажетсiнетiн 5 техникалық мамандықтар бойынша 100-ден астам сотталған оқытылуда («Ағаш және жиһаз өндірісінің шебері», «Электр газымен дәнекерлеуші», «Электр монтаждаушы-жөндеуші», «Сылақшы», «Модельер-пішуші»). Іс-шараның нәтижелері бойынша көптеген кәсіпкерлер облыстың басқа мекемелерінде өндірісті ашуға дайын екендерін айтты.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу