«Қостанайда мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің

23 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
«Қостанайда мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің   - 1888225028

Мүгедектегі бар тұлғаларды  әлеуметтік қорғау бойынша тиімді шаралар жүйесін құру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.    

2019 жылдың 18 қазанында Қостанай облысы прокуратурасының бастамасы бойынша «Салық салу саласында мүгедектердің құқықтарын қорғау» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Шараға прокуратура қызметкерлері, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі, мемлекеттік кірістер  өкілдері, мүгедектер істері жөніндегі облыс әкімінің кеңесшісі, сондай-ақ облыстың мүгедектер қоғамдық бірлестіктері басшылары қатысты.     

Ағымдағы жағдайды талдау салықтың кейбір түрлерін есептеуде мүгедектерге жеңілдіктерді қолдану проблемасы тек біздің облыста ғана емес, сонымен бірге республикада да бар екендігін көрсетті.  

Мәселе мынада,   көрсетілген жеңілдіктерді салық органы                        тек келу тәртібінде және растайтын құжаттарды ұсынған кезде ғана қолданады.  Алайда, физикалық қабілеттерге байланысты кейбір адамдар үшін, оның ішінде қате есептелген салықтарды қайтару  мәселесін шешу кезінде мұндай тәртіп қиынға соғады.   

Интегрцияланған базаның болмауына байланысты қазыналық органда азаматтардың осы санатының мүгедектігі туралы мәліметтер жоқ, ал әлеуметтік қорғау органы жеке деректер және медициналық құпиялылық туралы заңның шектелуіне байланысты мұндай мәліметтерді ұсынуға құқылы емес.   

Осыған байланысты шараға қатысушылар проблемалық мәселелерді талқылады және бұқаралық ақпарат құралдарын және басқа да заманауи бұқаралық ақпарат құралдарын тарту арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсендіру, ол осы мәселелерді жандандыруға, қол жетімді мазмұндауда арнайы жадынама әзірлеуге, мүгедектердің салық кодексімен орнатылған шекте көлік, мүлік және жерге салықтан босату жөніндегі жеңілдіктерге құқықтарын қорғау мақсатында уәкілетті органдармен бірлесіп  мүгедектігі бар адамдардың санаттарын   өңдеу, мүгедектің келісімін ескере отырып, қазыналық органның деректер базасына деректерді енгізу бойынша                   бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі.  

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу