Балалықтың игілігіне арналған қадағалау

18 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Қостанай облысының прокуратурасымен облыстың мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаментінде жүргізілген тексеріс кезінде 2013-2018 ж.ж. мемлекет кірісіне өндіріліп алынған 600 мың жаңа ойыншықтар анықталды.

      Прокуратура ойыншықтардың сапа стандарттарына сәйкестігін және қауіпсіздігін алдын ала тексере отырып, олардың балалар ұйымдарына берілуіне бастамашылық жасады.

        Нәтижесінде 2 мыңңан аса балаларды тәрбиелейтін Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының 36 мекемесі құны 260 млн. теңге шамасындағы 160 мыңнан астам тегін ойыншықтарға ие болды. Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу