Абайлаңыздар, алаяқтар!

14 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

         Таран ауданының прокуратурасымен азаматтардың сенімін теріс пайдалану жолымен және алдау арқылы бөтен біреудің мүлкін жымқырумен (алаяқтыққа) байланысты қылмыскерліктің жағдайына талдау жасалды. Телефон арқылы алаяқтық фактілерінің көбейіп кеткені анықталды. Осылайша, Таран АІІБ-не алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен өздерін полиция қызметкерлері ретінде ұсынып, азаматтарға олардың жақын туыстары немесе таныстарының ұсталғанын және бұл мәселені оңды шешу үшін терминалмен ақша қаражатын жіберуді ұсынуға байланысты белгісіз тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттері туралы ақпараттар келіп түсуде.

         Жақын туыстарының «босауын» қалаған және ақша қаражатын аударған аудан тұрғындарының бірнешеуі алаяқтардың құрбандары болды.Қазіргі таңда Таран ІІБ-мен 2 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

         Соған байланысты, ауданның тұрғындарын мұқият болуға және алаяқтардың айла-тәсілдеріне және арандатуларына берілмеуді сұраймыз. Белгісіз тұлғалардан осыған ұқсас қоңыраулар келіп түскен жағдайда дереу Таран ауданының ІІБ жүгіну қажет.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу