Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте

03 шілде 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте - 1381734962

Ағымдағы жылдың 1-2 шілдесі аралығында  Жітіқара аудандық прокуратурасының қызметкерлері жергілікті атқарушы органмен мемлекеттік орган қызметкерлері арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» онлайн сайысына қатысты. Аталған сайыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және қазақ халқының ұлы ақыны А. Құнанбаевтың 175-жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылған.

Сайыс шартына сәйкес қатысушылар өз өмірбаяны, жұмысы жайлы баяндалған және Абайдың бір қара сөзінен үзінді бейнеленген  бейнеролик дайындаған болатын.

Сайыс нәтижелері бойынша Жітіқара аудандық прокуратурасының қызметкерлері Б.Ш. Шакенов, Е.М. Жунусов, Н.Т. Халық құрамындағы «Бірлік» тобының бейне жұмысы бірінші орынды иеленді.

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі