Қостанай облысының прокуратурасында жаңа кадрлық тағайындаулар

13 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Бас Прокурордың бұйрығымен Қостанай облысының прокуратурасында бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізілді.

         Қостанай ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Кәрімов Ринат тағайындалды.

         Р.А.Кәрімов 1982 жылы туған. Қостанай әлеуметтік академиясында «Құқықтану» мамандығын бітірген.

         Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Қостанай облысының Қарабалық ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Кейіннен Қарабалық ауданы прокурорының аға көмекшісі, Қостанай облысы прокуратурасының мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі Басқарманың прокуроры және аға прокуроры лауазымдарын атқарған. Облыс прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі Басқарма бастығының орынбасары болған.

        2012 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі кезеңде Қостанай облысының Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеген.

        2017 жылдың қарашасынан бастап Қостанай облысы прокуратурасының Аппарат басшысы.

        Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 15 жылдан астам.

 

* * *

         Таран ауданының прокуроры болып кіші әділет кеңесшісі Бултаев Аслан тағайындалды.

         А.С.Бултаев 1982 жылы туған. Челябі мемлекеттік университетінде «құқықтану» мамандығын бітірген.

Еңбек қызметін 2005 жылы Қостанай облысының Жітіқара ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған, кейіннен дәл осы прокурордың аға көмекшісі болып жүмыс істеген болатын.

        Тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі Басқарманың прокуроры, Қостанай облысы прокуратурасының сотта мемлекет мүдделеріне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі Басқарма бастығының орынбасары лауазымдарын атқарған.

        2015 жылдың наурызынан бастап Қостанай облысының Денисов ауданының прокуроры.

        Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 13 жылдан астам.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу