Арнайы прокурорлардың қадағалау жұмысының нәтижесі

11 қаңтар 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 83-бабына сәйкес - прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексіне 2009 жылдың 17 шілдесінде өзгерістер енгізілген болатын, оның ішінде қылмысиық істерді тергеу қызметі прокуратура органдарына қайтарылды.

Осыған байланысты 2010 жылы Қостанай облысы прокуратурасында тәжіибелі қызметкерлерден құралған Арнайы прокурорлар Басқармасы құрылды. Арнайы прокурорлардың басты міндеті азаматтардың конституциялық құқықтарының өресел түрде бұзылған, сонымен бірге қорлау секілді маңызды қылмыстық істерді; лауазымдық, сыбайлас жемқорлыққа жол берген, мемлекет мүддесіне қатысты экономикалық қылмыстарды тергейді. 2012 жылы арнайы прокурорлармен қоғамдық сілкініс тудырған, сонымен бірге, ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа жол беруге қатысты бірнеше қылмыстық істер тергеліп, аяқталды.

Арнайы прокурордың басшылығымен ведомстаралық тергеу тобы «ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Департаменті» ММ лауазымды тұлғаларына қатысты барлығы 42 млн. теңге бюджет қаржысын ұрлау фактісіне бойынша қылмыстық іс аяқталды. Қостанай қалалық сотының үкімімен аталмыш мемлекеттік мекеменің директоры Ғ.А.Естекбаев мүлкі тәркіленіп, 5 жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу мекемесінде өтеуге, 5 жыл мемлекеттік қызметте лауазымдық қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасына кесілді. Ал, оның орынбасары Г.Р.Полуэктова., мекеменің басқа да қызметкерлері С.О.Манакова, Ж.К.Караева және С.К.Дробышева 5 жыл мерзімге мемлкеттік қызметпен айналысу құқығынан айырып, 3 жыл шартты мерзімге сотты болды.

Сонымен қатар, Рудный қаласында жылжымайтын мүлік саласында алаяқтықпен айналысып, қылмысын жасыру мақсатында қала тұрғынын өлтірген Н.О.Сегізбаевтың қылмыстық әрекетінің жолы кесіліп, 20 жылға темір торға тоғытылды. Рудный қаласы ІІБ патрульдық полицияның жеке ротасы 3-ші взвод полицейі Е.Б.Кальжановтың лауазымын асыра пайдаланып, аз.Е.Ш.Козгараевқа дене жарақатын келтіргені үшін ҚР ҚК-нің 308-бабы 4-бөлімімен айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Ал, ведомстаралық тергеу тобы Ауған-Пәкістан аймағына соғысу мақсатында Қазақстан азаматтарын алып барған, басшысы О.М.Ходжаевтың Қостанай облысы мен Алматы қаласы тұрғындарынан құрылған тобының мүшелері түрлі жазаларға сотты болды.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу