Процесс прокуроры – қылмыстық процесте заңдылықтың сақталуының кепілі

29 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасында бүгінгі күні қылмыстық процессті жетілдіру үрдісі жүріп жатыр. Оған дәлел – қабылданған жаңа қылмыстық және қылмыстық процесстік заңнамалар мен оларға қатысты өзге құқықтық актілер. Сонымен қатар, қылмыстық процессті электронды форматқа көшіру жұмыстары басталып кетті.

Бүгін сол реформалаудың жемісі – процесс прокуроры институтына тоқталып өтейік.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес,  прокуратураның басшысы осы Кодекске сәйкес қылмыстық іс бойынша заңдардың қолданылуын қадағалауды жүктеген прокурор.

Аталған Кодексте прокуратура басшысына нақты қылмыстық iс бойынша қадағалауды жүзеге асыратын прокурорды (процесс прокуроры) айқындауға құқығы берілген.

Процесс прокуроры қылмыстық іс бойынша қадағалауды сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап жүзеге асырады және бірінші сатыдағы сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысатыны бекітілген.

Процесс прокуроры алмастырылмайды, бірақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда, прокуратура басшысының шешімі бойынша басқа процесс прокурорымен ауыстырылуы мүмкін.

Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде бекітіліп, олардың толық мазмұны (міндеттері мен құқықтары және т.б.) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылдың 24 желтоқсандағы №163 «Процесс прокурорының қадағалауды ұйымдастыруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығымен бектілген Нұсқаулықта ашылған.

Прокуратура органдарында процесс прокурорының функцияларын ҚПК белгіленген өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары, аға көмекшілер және көмекшілер, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және олардың орынбасарлары, департаменттердің, басқармалар мен бөлімдердің бастықтары, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер және көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары және прокурорлар, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар және прокурорлар жүзеге асыра алады.

Процесс прокуроры өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарына, нұсқаулықтарына, нұсқауларына, сондай-ақ жоғарыда айтылған Нұсқаулыққа сәйкес өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.

Процесс прокуроры бірінші сатыдағы сотта мемлекеттік айыптаушы ретінде, соның ішінде келісілген іс жүргізу тәртібімен талқылау кезінде, айыпталушыны сотқа беру сатысында іс бойныша мемлекеттік айыптаушының ұстанымын өзі әзірлейтіні бекітілген.

Аталған нұсқаулықта процесс прокурорларының құқықтары мен міндеттері, құзыреттіліктері және қылмыстық процессте (сотқа дейінгі және сотта) туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған нормалар бекітілген.

Қолданыстағы қылмыстық-процестік заңнамада қабылданған шаралар қылмыстық процесті одан әрі жетілдіруге, процесс қатысушаларының құқықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған игі шара. Аталған өзгерістер қылмыстық процестің заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді және Конституцияда бекітілген құқықтық мемлекеттік құруға бағытталған.

Н. Айдархан, облыс прокуратурасының 10-шы Басқарма прокуроры

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу