Сыбайлас жемқорлықпен күрес шаралары туралы брифинг

14 қаңтар 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Басымды бағыттарды айқындаумен облыстың прокуратура органдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысы күшейтілді. Оның бір бағыты сыбайлас жемқорлық көріністері үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын жауапкершілікке тарту.

Өткізілген мақсатты жұмыстың нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасағаны үшін облыстық буындағы басшыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту болып табылады.

Қадағалау актілерін қарастыру қорытындысы бойынша, Тәртіптік кеңес шешімімен сыбайлас жемқорлық жасау үшін жағдай туғызғаны үшін обылстың мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау Департаментінің басшысының м.а. және Қостанай қ. әкімнің орынбасары атқарып отырған лауазымынан айыру туралы ұсыныс енгізілді.

2015 ж. 8-ші қаңтарында ҚР ұлттық экономика Министрлігінің жауапты хатшысымен Қостанай облысы бойынша мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылау Департаментінің басшысының м.а. сыбайлас жемқорлық жасау үшін жағдай туғызғаны үшін лауазымынан босатылды.

Қостанай қ. әкімінің орынбасары амбулаториялық емделуде жатыр және ол жұмысқа шыққаннан соң оны тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы сұрақ шешіледі.

Қадағалау актілерін енгізу үшін негіз болған жағдай көрсетілген тұлғалармен тұрғын үйдің аяқталмаған құрылысты заңсыз қабылдауы болып табылады, оның кесірінен дайын емес үйге тұрғындарды кіргізді, олар біраз уақыт бойы газбен қамтамасыз етілмеген, тек облыс прокуратурасының араласуымен тұрғындар табиғи газбен қамтамасыз етілді.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу