Құрылыс фирмаларынан қайтарым сомаларын өндірту туралы баспасөз-ақпараты

17 наурыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары мемлекеттік сатып алу заңнамасының сақталуына жасалған тексеріс қорытындысы бойынша Қостанай облысының мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болған жекелеген мемлекеттік мекемелеріне, құрылыс фирмаларынан қайтарым сомаларын өндірту туралы талап қойылды.

Осы талаптың қойылуына негіз болған: жобалық-сметалық құжаттамада  уақытша ғимараттар мен құрылыстарды бұзуға бөлінген қайтарым сомалары бар болса да, материалдар мен бөлшектерді сатудан түскен бұл қаражаттың бюджетке түсірілуі қамтамасыз етілмеген.

Аталған  дауларды сотқа дейінгі реттеу кезінде, облыс әкімдігінің Құрылыс басқармасы және облыстың қала мен аудандарының сәйкес бөлімдері қойған бірде-бір талап орындаушымен  мақұлданбады.

Сотқа шағымданған кезде арыз берушілердің талаптары қанағаттандырылмады.

Мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау мақсатында, облыстық прокуратура Бас прокуратураға өз ұсынысын білдірді, Бас прокуратура оны қолдап, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына қадағалау актісін енгізді.

Жоғарғы Соттың 19.01.2016 жылғы қаулысымен наразылық толық мөлшерде қанағаттандырылды, мердігер ұйымдардан Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс Басқармасының пайдасына 37 млн. теңгеден астам қайтарым сомасы өндірілді.

Осылайша, соттың барлық сатыларында мемлекет мүддесін түбегейлі қолдау нәтижесінде, мердігер ұйымдардан уақытша ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызуға бөлінген бюджеттік қаржы өндіріп алынды.

Ағымдағы жылдың 15-ші ақпанында Қостанай облыстық сотымен «Строй Связь Компани» ЖШС-нен 1 448 470 теңге қайтарым сомасын өндірту туралы азаматтық іс бойынша апелляциялық наразылық қанағаттандырылды.

Облыс прокуратурасының уақытылы шара қолдануының нәтижесінде, бюджеттен 38,4 млн. теңге көлеміндегі шығынға жол берілмеді.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу