Қостанай облысының прокуратурасы "Мезинов" ЖК еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді. (Брифинг.21.06.2013 жыл)

22 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Үстіміздегі жылдың мамыр айында облыс прокуратурасына «Мезинов» ЖК жұмысшылары Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы, оның ішінде жалақыны төлемеу туралы ұжымдық шағым түсірген еді.

         Облыс прокуратурасының тапсырмасымен Қостанай қалалық прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органмен бірігіп арызданушылардың келтірген дәйектерінн тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде еңбек ақыға 1,7 млн. теңге берешек екені анықталды.

         Аталған факті бойынша «Мезинов» ЖК ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 4,2-бөлімдерімен және 89-бабының 1-бөлімімен 15, 20 және 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, қарыз жалақыны 25.06.2013 жылға дейін толығымен төлеуге шаралар қолдану туралы ұйғарым енгізілді.

         21.06.2013 жылы «Мезинов» ЖК жұмысшыларға 800 мың. теңге көлемінде еңбек ақылары жартылай төленді.  

 

Қостанай облысы

прокуратурасының

баспасөз қызметі