Қостанай облысы прокуратурасы органдарымен балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруды реттейтін заңнамалардың қолданылуына тексеру жүргізді. (Брифинг. 31.05.2013 жыл)

22 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

          Қостанай облысы прокуратура органдарымен 2012 жыл мен 2013 жылдың өткен мерзімінде жазғы демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруды реттейтін заңнамалардың қолданылу мәселесі бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жоспарлы тексеру жүргізді.

          Жазғы каникул уақытында демалыс пен бос уақытында қызметке қол жетімділігін зерделеу қажет болды.

         Қостанай облысы бойынша жасөспірімдердің 89 973-і немесе 44,2% жаз мерзімінде мәдени-демалыс іс-шаралармен қамтылғаны анықталды.

         Ал, басқа кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру жүргізілмеген.

         Сонымен қатар, қолданылған шаралар жасөспірімдердің бос уақытынжаз бойы ұйымдастыруды қамтамасыз етпейді. Себебі, балалар жазғы демалысының 20 күнінде лагерде болса, қалған күндерді өздігімен өткізеді.   

         Демалыс пен бос уақытын ұйымдастыруда лайықты мүмкіндіктердің болмауы жасөспірімдер арасындағы криминалды ортаның артуына алып келеді. Өйткені, 2012 жылы жаз мерзімінде олармен 86 қылмыс тіркелген немесе жалпы санның әрбір төртіншісін құрайды.  

         Жергілікті атқарушы органдар жазғы демалысқа қол жеткізу барысында әлеуметтік аз қамтылған тәуекелді отбасыларындағы жасөспірімдердің құқықтарының бұзылуына жол берген.

         Мысалы, 2012 жылы Қостанай қ. №22 мектептің педагогикалық кеңесінің жолдамасымен мемлекет тарапынан 3 кәмелетке толмаған жеткіншек қала сыртындағы «Светофор» лагерінде сауықтырудан өткен. Алайда, олар әлеуметтік аз қамтылған тәуелді тұрғындар санатына жатпайды.

          Ал, «Лисаков қ. білім беру бөлімі жас техниктер станциясы» МККК-да жүйке жүйесі аурулары диспансерінде есепте тұрған адам педагог қызметін атқарып келген.

         Өткен жылы 12 жасөспірім немесе әрбір төртінші бала (51) қараусыз қалған жерлердегі су объектілерінде суға батып кеткен (жабай жағажайлар).

         Бұл қайғылы оқиғалардың орын алуына суға түсетін нақты орындардың болмауы, ал «жабайы жағажайларда» ескерту немесе тыйым салынған белгілердің ілінбеуі себеп болып отыр.

         Облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің мәліметіне сәйкес, өңірдегі барлық су объектілерінде спирттік ішімдік ішуге тыйым салынады деген, балаларды қараусыз қалдырудың соңы қайғылы оқиғаға алып келуі мүмкін екендігі туралы  ешқандай плакат ілінбеген.

         Сондай-ақ, балалар лагерінде де бірқатар заңбұзушылықтар анықталды.

         Атап айтсақ,  2012 жылы балалар лагерінде демалушы жасөспірімдердің қашып кетуі туралы 8, мүмкін ұрлауға қатысты 10 оқиға тіркелсе, облыстық балалар үйінің 3 тәрбиешісі лагерде спирттік ішімдік ішкен.

         Балалар лагерінің қызметінде санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігіне қарсы талаптардың өрескел бұзылу фактісі орын алған. Бұдан бұқрын балалардың жазғы демалысына дейін осы бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілген болатын. 

         Сонымен қатар, мектептен тыс ұйымдармен қамтылмаған кәмелетке толмағандардың демалыс құқығы қамтамасыз етілмеген.

         Мысалы, Қостанай қаласында балалардың денсаулығына қауіп тудыратын, ойын құрылыстарының жағдайы тиісті деңгейде болмауы, жекелеген жағдайда ой      ын алаңдарының жоқтығы секілді фактілер анықталды.

         Осы фактілер бойынша орын алған заң бұзушылықтарды жойып, кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілді.

 

Қостанай облысы

прокуратурасының

баспасөз қызметі