Қостанай қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Л.Маклюк тарапынан қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланғаны анықталды. (Брифинг 17.05.2013 жыл)

22 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Қостанай облысының прокуратурасы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мемлекет мүддесіне өкілдік ету барысында Қостанай қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Л.Маклюк тарапынан қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланғаны анықталды.

         Аталмыш факті бойынша облыс прокуратурасы және экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Департаментпен ҚР ҚК-нің 304-бабы 2-бөлімі (қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану), 314-бабы 2-бөлімімен (қызметтiк жалғандық жасау) 4 қылмыстық іс қозғалып, бір өндіріске біріктірілді.

         Нақтыласақ, 2009 жылдың 10 қарашасында А.Л.Маклюк аталмыш қызметте отырып «Қостанай Су» МКК 1 кезектегі су тазарту құралдарының фильтр блоктарының тұндырғыларына күрделі жөндеуден өткізу» үшін нысанның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін «Вист» ЖШС-мен келісім-шарт жасасқан.

         Келісім-шарттың талаптарына сәйкес (2.2 б) «Тапсырыс беруші» және «Мердігер» тараптарымен тапсыру-қабылдау актісіне, орындалған жұмыстың актісіне, мердігермен толығымен есеп айырылысатын міндетті шарт болып табылатын мемлекеттік сараптаманың мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысына қол қою негізінде төлем жүргізілуі тиіс.

         Сонымен қатар, «Вист» ЖШС-мен жұмыс жобасы 2010 жылдың сәуір айында дайындалса, «Қостанай мемсараптама» мекемесінен қорытынды 2010 жылдың 22 маусымында алынған. Бұған қарамастан, аталмыш серіктестікпен жасалған жоблық-сметалық құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік нормативтік талаптарына сай емес деп танылған.

         Себебі, нысан апаттық жағдайда, осыған байланысты оған күрделі жөндеу жұмысын жүргізу орынсыз деп танып, жаңа нысан құрылысын салуға ұсыныс білдірген.

         Көрсетілгендерді назарынан тыс қалдырған бөлім бастығы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болмағандықтан мердігерлік жұмыстардың орындалмайтынын біле тұра, өзінің қызметтік өкілеттігін мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы пайдаланып, өз пайдасы мен басымдығы үшін 2009 жылдың 26 қарашасы мен 9 желтоқсан аралығында  «Вист» ЖШС-не 11 050 000 теңге толық төлем жасаған.

         Осылайша, оның бюджет қаражатын заңсыз жұмсау әрекеті Қостанай қаласы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің айтарлықтай құқық бұзушылық пен заңды мүдделерінің, сондай-ақ, заңмен қорғалған қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің бұзылуына алып келді.  

         2012 жылдың желтоқсан айында А.Л.Маклюк Қостанай қаласы құрылыс бөлімінің бастығы қызметінде «TAUPROJEKT» ЖШС-мен көркейту және инженерлік коммуникациямен жабдықтау жөніндегі жоблық-сметалық құжатты әзірлеу туралы жасасқан келіміс-шартқа сәйкес, тек аталмыш фирманың мемлекттік сараптаманың оң қорытындысы берілген толық жобалық-сметалық жинағымен ұсынылған уақытта ғана толық төлем жүргізіледі.

         Алайда, «TAUPROJEKT» ЖШС-нің жұмысты орындамағанын және мемсараптаманың оң қорытындысын алмағанын жетік білген бөлімнің бастығы жалған ресми құжат – 2012 жылдың желтоқсан айында орындаған жұмыс актісіне қол қойып, кәсіпорынға 4 126 500 теңге көлемінде қаржы аударып, мемлекетке ірі материалдық залал келтірген.

         Осы қылмыстық іс бойынша барлық дәлелдерді жинақтап, айыпталушы А.Л.Маклюкке қатысты іс үстіміздегі жылдың 8 мамырында Қостанай қаласы прокуратурасымен жолданды.  

 

Облыс прокуратурасының

баспасөз қызметі