Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес және келтірілген зиянды өтеу саласында 2016 жылыдң 1-ші тоқсанында жасалған жұмыс туралы баспасөз хабарламасы

19 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Экономикалық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты және ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауы негізінде жасалған Дағдарысқа қарсы жоспарды орындау мақсатында экономикаға қарсы күрес саласындағы мәселелер аса маңызды  болып келеді және үйлестіру шараларын қолдануды талап етеді.

2016 жылдың 1-ші тоқсанында ҚР ҚК-нің 215 бабы бойынша (жалған кәсіпкерлік) 8 қылмыс тіркеліп,  оның ішінде 2 тұлғаға қатысты 2 іс аяқталып, сотқа жолданды. Бұл тұлғалар 34 жалған кәсіпорын ашып, мемлекетке 129,2 млн. теңгеге шығын келтірген,  қабылданған шаралар негізінде олардан 80,1 млн. теңге шығын өндірілді немесе 62%.

Жалпы айтқанда, есептік кезеңде қылмыстық құқық бұзушылықтар нәтижесінде 1,6 млрд. теңгеге шығын келтірілген, оның 1,5 млрд. теңгесі немесе 92% өндірілді.

Оның ішінде, мемлекетке келтірілген шығын 128,6 млн. теңгені құрады, өндірілген шығын соммасы 82,9 млн. теңге немесе 64%.

Күдікті тұлғалардың мүлкіне өз уақытында қамау салу да шығындарды өндіруге ықпалын тигізеді, ағымдағы жылы ғана 200 млн. теңгеден жоғары мүлікке қамау салынды, соның ішінде жалған кәсіпкерлер мен олардың контрагенттерінің банктік шоттарына салынған  31,8 млн. теңге.

Атап өту қажет, еліміздің экономикалық қауіпсіздігі –тұрақты дамудың  алғышарттарының бірі болып  табылады, ал жалған кәсіпкерліктердің қызметі бұған нұқсан келтіреді.

Сондақтан да қылмыстардың аталған түрімен күрес күшейтілуде және жазалау тәжірибесі қатаңдай түсті.

Мәселен, 2016 жылдың 29 ақпанында Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен М.Т.Есентемиров ҚР ҚК-нің 215 бабы 3 бөлімімен (жауапты мемлекттік лауазымды атқарушы тұлғамен жасалған жалған кәсіпкерлік) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, «Арыстан Қостанай 2014» ЖШС-мен жалған кәсіпкерлікпен айналысу нәтижесінде 181 млн. теңгеге аса ірі шығын келтіру фактісі бойынша. Қазіргі кезде үкім заңды күшіне енген жоқ.

Осы сияқты, 2016 жылдың 15 наурызында Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен И.М.Сагумбаев аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, «Виват экспресс» ЖШС-мен жалған кәсіпкерлікпен айналысу нәтижесінде 246 млн. теңгеге аса ірі шығын келтіру фактісі бойынша. Қазіргі кезде үкім заңды күшіне енген жоқ.

Салық заңнамасына сәйкес, аталған үкімдер заңды күшіне енген соң, жалған кәсіпкерлермен жасалған өзара есеп айырысу және тауарсыз мәміле жасалғаны үшін салықтарға түзету жүргізіп, контрагенттерге хабарландырулар жолдану көзделіп отыр, осы іс-шаралар келтірілген шығынды өтеуге көмектеседі.

Сондай-ақ, прокуратура органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының өзара бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесінде, жоғарыда аталған қылмыстық істер бойынша банктік шоттардағы 210,0 млн.теңге қаражатына билік етуге шектеу қойылды.

Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлікпен күресуді дәл және сапалы орындау мақсатында, прокуратура органдарының осы бағыттағы жұмысы  бірінші бағыттар тізіміне қосылып, ҚР Бас прокуратурасының ерекше қадағалауында тұр.

Тағы бір жарқын мысал ретінде, Балин және тағы басқаларға қатысты 37 жалған кәсіпорынды құру фактісі бойынша қылмыстық істің аяқталып, қазіргі кезде сотта қаралып жатқанын  келтіруге болады.

Жалпы айтқанда, қазіргі кезде осы жасырын қылмыстармен күресудің түрлі әдістері қолданылуда.

Сондай-ақ, облыс прокуратурасымен көлеңкелі экономикамен күресу саласында облыстық соттарға жалған ақша айналымы және ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер жолданды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасымен қылмыстық істер бойынша процессуалдық шығындарға жұмсалған қаражат сомаларын мемлекет пайдасына өндіру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, ақтамайтын негіздер бойынша жабылған қылмыстық істер бойынша ҚР ҚІЖК-нің 178 бабының талаптары негізінде сотқа 1 418 581 теңге процессуалдық шығындарды өндіру туралы 115 ұсыныс енгізіліп, олардың ішінде  1 358 748  теңгені өндіру туралы 108 ұсыныс сотпен толық көлемде қанағаттандырылды.

Мәселен, барлық шығындардың ішінде ең көлемді болып табылатыны -  Н.Н.Ихненконы ҚР ҚК-нің 345 бабы 2 бөлімімен (абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге алып келген жол көлік оқиғасын жасау) қылмыстық іс бойынша өткізілген сот-сараптамалар бойынша 263 мың 410 теңге шығынның кеткендігі анықталды.

Атап айтқанда,  7 сәуір 2015 жылы, жүргізуші Н.Н.Ихненко тұрғын үй ауласында "Mitsubishi Delica" маркалы автокөлігін басқару барысында жүргінші Б-ны соғып кетіп, нәтижесінде соңғы Қостанай қалалық ауруханасына жеткізілген.

2015 жылдың 30 желтоқсанында Қостанай облыстық ІІД-мен Н.Н.Ихненкоға ҚР ҚК-нің 345 бабы 2 бөлімімен қозғалған қылмыстық іс ҚР ҚІЖК-нің 35 бабы 1 бөлімі 12 тармағы, ҚР ҚК-нің 68 бабы 1 бөлімі негізінде, яғни екі тараптың татуласуына байланысты,  жабылған.

Қылмыстық істі тергеу кезінде сот-медициналық сараптамаларын өткізуге 263 410 теңге бюджет қаражаты кеткен.

2016 жылдың 10 наурызында прокуратурамен ҚР ҚІЖК-нің 178 бабы 1 бөлімі негізінде сотқа күдікті Н.Н.Ихненкодан 263 410 теңге процессуалдық шығындарды өндіру туралы ұсыныс енгізіліп, аталған ұсыныс Қостанай қалалық №2 сотымен толық қанағаттандырылып, Н.Н.Ихненкодан аталған сома толықтай өндірілді.

Барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде банк жүйесінің, жұмыстарын нысаналы және сапалы жүргізуі еліміздің экономикасының тұрақты өсуіне өз ықпалын тигізеді.

Қостанай облысы прокуратурасының 2-басқармасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу