Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша мобильді топтардың жұмыс нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

17 наурыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жыл бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыскерлік жағдайына жасалған талдау оның өсуін көрсетті, ол қосымша алдын алу шараларын қабылдауды талап етеді.

Сөйтіп, 2015 жылдың нәтижелері бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыскерлік деңгейі 18%-ға көтерілген.

Қылмыстардың жасалған уақытын сараптағанда, олардың 15%-дан астамы түнгі уақытта жасалатыны анықталды.

Прокуратура органдарымен кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ересектерсіз жүру фактілерін тыю мақсатында мобильді топтардың шығуы ұйымдастырылды.

Жүргізілген рейдтік іс-шаралардың барысында заңды өкілдермен қараусыз қалдырылған 88 жасөспірім анықталды.

Кәмелеттік жасқа толмағандардың қараусыз жүру фактілері Рудный қ. (35), Қостанай қ. (10), Арқалық қ. (3), Лисаковск қ. (1), Федоров (8), Меңдіқара (7), Денисов (4),  Жітіқара (3), Қарасу (3), Қостанай (3), Әулиекөл (2), Таран (2), Ұзынкөл (2), Қарабалық (1), Сарыкөл (1) аудандарының прокуратураларымен анықталды.   

Балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл жұмыстың әсерлілігін көтеру үшін іс-әрекет алгоритмі жасалып, орындау үшін аймақтық прокуратураларға жолданды.

Қазіргі уақытта 375 жағдайы нашар отбасында тәрбиеленіп отырған  754 баладан тұратын тізім жасалып, ол тізім ішкі істер органдарына есепке қою үшін жолданды.

Аталған санаттағы қылмыстардың жасалуы мүмкін  67 орын анықталды.

2016 жылдың өткен мерзімінде порнографияны насихаттайтын 16 интернет топқа тыйым салынды, олардың  554 822 жазылушысы болды, соның ішінде  23 756  Қазақстан Республикасының азаматтары, олардың 1 481-і кәмелеттік жасқа толмағандар.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу