«Әкімшілік процесстегі заңдылықтың кепілдігі» атты жо-баның презентациясына баспасөз хабарламасы

04 қазан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысында соңғы 3 жылда тоқтатылған әкімшілік істердің көлемі көбейген.

Негізгі себепттер болып талаптың ескіру мерзімінің өтуі және құқық бұзушылық құрамының болмауы танылады (тоқтатылғандардың жалпы есебінің 2/3).

Осыған орай, тоқтатылған істердегі 3 жағдайдың 2-еуінде құқық бұзушы жауапкершіліктен оңтайлы құтылып кетеді немесе жалпы іс заңсыз түрде қозғалады екен. 

Екі жағдайдағы оқиға да әкімшілік құқықтағы жазаның бұлтартпаушылығы мен азаматтардың құқықтарын бұзуға жол бермеу қағидаларына қайшы келіп отыр.

Айта кетер болсақ, әкімшілік құқық өмірдің барлық жақтарын қамтиды десек болады, оның ішінде тұрмыстық зомбылықтың алдын алуын, әйелдер мен балалардың құқықтарының бұзылуы, қоғамдық тәртіп пен мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сондықтан да облыстық прокуратура облыстың ішкі істер Департаментімен бірлесе отырып, жоғарыда аталып өткен жағдайларды түзетуге бағытталған «Әкімшілік процесстегі заңдылықтың кепілдігі» атты жобаны дайындады.

Бірлескен жобаның төңірегінде әкімшілік құқық бұзушылықтың заңсыз қозғалу фактілерін болдырмауға және соттың дәлелсіз себептермен оны тоқтатудың алдын алу мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылмақ.

Жобаны жүзеге асыру 2017 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.

 

Қостанай облысы прокуратурасының 4-ші Басқармасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу