Еңбек заңнамасының сақталуы туралы баспасөз хабарламасы

08 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысының прокуратурасымен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау саласында тұрақты түрде азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы мен еңбекақының уақытылы төленуіне талдау жасалып тұрады.

Аталған жұмыс ерекше маңызды болып келеді, себебі, бұл мәселелер аймақтағы әлеуметтік наразылықтың ошағына айналуы мүмкін.

Атап айту керек, ағымдағы жылы прокуратура, атқару өндірісін жүргізетін органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде, еңбекақы бойынша берешекті өндірту жұмысында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді.

Қабылданған шаралар арқылы берешек сомасы 88-ден 6 миллионға дейін азайтылып, 639 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

Мысалы, «Север-птица» АҚ-ның 293 жұмыскері алдындағы еңбекақы бойынша берешек екі күннің ішінде өндірілді.

Осы сияқты жалақы бойынша қарыздың дер кезінде төленуінің басқа да мысалдары бар.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу