Бұрынғы мемлекеттік сот орындаушыға қатысты сот үкімі шықты. (Брифинг.06.09.2013 жыл)

06 қыркүйек 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

        2013 жылдың 14 тамызында Рудный қалалық сотының ашық сот отырысында бұрынғы мемлекеттік сот орындаушы Д.Ныгыметжановқа қатысты сот үкімі шықты.

         Д.Ныгыметжанов мемлкеттік сот орындаушысы қызметін атқарып жүрген уақытында 2012 жылдың сәуір айында өз қызметтік өкілеттігін пайдаланып, Т.Ахметжанованың қаржысын қасақана пайдалану мақсатында оның сеніміне кіріп, «Алтын пайда» МК ЖШС-не берешек ақшасын өтеу үшін одан 100 000 теңге алған. Нәтижесінде, оның өз қажетіне пайдаланған.

         Осы тектес оқиға аз.Изюмкинаның мемлекетке қарызын өтеу  туралы Рудный қ. салық Басқармасының талап-арызы қатысты орын алған. Сот орындаушысы Изюмкинадан 110185 теңгесін алып, өз пайдасына жаратқан.

         Сотта Д.Ныгыметжанов өз кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтты.

         Жазаны жеңілдететін негіз болатын мән-жайларды есепке алып, сот орындаушы ҚР ҚК-нің 177-бабы 3-бөлімінің «г» тармағымен кінәлі деп табылып, мүлкі тәркіленіп, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге үкім шықты.  

         Үкім заңды күшіне енген жоқ.

          

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу