Бас дәрігер сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысқа жол берген. (Брифинг.12.06.2013 жыл)

22 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.С.Берестюк «Қашар қалалық ауруханасы» МКК бас дәрігері бола қызметінде мемлекеттік қызметті атқару өкілдігіне теңестіріліген тұлға бола тұрып, қызметтік өкілеттілігін қасақана, пайдакүнемдік мақсатта пайдалана отырып, мемлекетке орасан зор шығын келтірген сыбайлас жемқорлық қылмысына жол берген.

         Нақтыласақ, ол медициналық жабдықтар мен жиһаздардың нарықтағы нақты бағасын біле тұра, «Женис+» ЖШС-мен  мемлекеттік кәсіпорындар үшін тиімсіз келісім-шарт жасасады, сонымен қатар, жалпы соммасы  4 435 500 теңге болатын медициалық киім-кешек, бактерицидтік сәуле түсіргіш, госпитальды халат және шамдарды беру үшін шот-фактура шығарған.

         Сот-тауартану сараптамасының нәтижесіне сәйкес, Қостанай облысында аталған тауарлардың орта нарықтық бағасы 1 076 390 теңге құрайды.

         Сондай-ақ, 2007 – 2009 жылдар аралығында А.С.Берестюк жалпы құны 5 850 000 теңге болатын «небулайзер ОМРОН» 9 компрессорды алу үшін  тауарлар мен қызметтерге мемлекеттік сатып алу туралы «Изимбаева Д.А.» ЖК және «Женис+» ЖШС-мен мемлекеттік кәсіпорындар үшін тиімсіз келісім-шарт жасасады.

         Сот-тауартану сараптамасының нәтижесіне сәйкес, олардың орта нарықтық бағасы 243 000 теңгені құраған.

         Өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырған бас дәрігер 2007 жыл мен 2008 жыл аралығында 5 260 000 теңгеге медициналық кушетка мен бактерицидтік сәуле түсіргіш сатып алу туралы тиімсіз келісім-шарт жасасады. Ал, аталған заттардың нарықтағы бағасы 2 290 000 теңгеден аспаған.

         2007 жыл мен 2009 жыл аралығында 7 094 383 теңге болатын жиһаздарды сатып алу үшін  «А.Х.Мурзалина», «Изимбаевой Д.А.» ЖК тиімсіз шартқа отырған, ал жиһаздардың нарықтағы бағасы 3 010 000 теңге болған.

         Қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 16 млн.-нан астам ірі материалдық шығын келген.

          Аталған фактілер бойынша Рудный қаласының прокуратурасы А.С.Берестюкке қарсы ҚР ҚК-нің 176-бабы 3-бөлімі «б,г» тармақтарымен (мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам, не оған теңестiрiлген адамның ірі мөлшерде бөтен мүлiктi иеленiп алу
немесе ысырап ету)
қылмыстіқ іс қозғады.

         Тергеу нәтижесімен А.С.Берестюктің сыбайлас жемқорлық қылмысын дәлелдейтін барлық айғақ дәйектер жиналып, 7 маусым күні сотқа жолданды.

 

Облыс прокуратурасының

баспасөз қызметі