Арқалық қаласы прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік бюджетке 27,6 млн теңге өндірілді. (Брифинг. 4.10.2013 жыл)

04 қазан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

       Қостанай облысы прокуратура органдарымен тұрақты түрде қоршаған ортаға келтірілген зиянды өндіру бойынша шаралар қолданылып келеді.

         Нақтыласақ, осы бағытта Арқалық қаласы прокуратурасының қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік бюджетке 27,6 млн теңге өндірілді.

         Атап айтсақ, Арқалық қ. прокуратурасының талабы бойынша уәкілетті органдармен «Қазақстан Алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасының қызметіне тексеру жүргізу барысында экологиялық заңнамалардың талабына қайшы келетін бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде қоршаған ортаға ластаушы заттарды нормадан тыс тастауы, бұзылған жерлерге шұрайландыру жұмыстарын жүргізбеу, шаруашылық тұрмыстық ағынды суларды нормадан тыс төгу секілді заңбұзушылықтарға жол берген.

         Тексеру нәтижесімен Арқалық қ. прокуратурасы заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіп, «Қазақстан Алюминийі» АҚ ҚР ӘКБтК-нің 276, 272, 246 және 243-баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 27 641 642 теңге көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда салынған айыппұл толығымен өндірілді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу