06.02.2015 жылы өткізілген брифинг бойынша ақпарат

06 ақпан 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

С. Қостанай қаласының ІІБ криминалдық полицияның ПОБ жедел уәкілетті лауазымында жұмыс істей отыра 2013 жылдың шілде айында қылмыстылықты ашудың көрсеткішін жоғарылату мақсатында, оның өзінің ойынан шығарылған аңызы бойынша азаматша Я-ның есірткі құмарлық жағдайын пайдаланып оны сыйақы үшін болмаған біреудің мүлкін ұрлағанын мойындауға көндірді, соған қарамастан дәлелдемелерді жалған жасады және жалған құжаттар толтырды (баянаттар, хаттамалар).

Содан кейін, азаматша Я-ға қатысты қылмыстық іс қоғалды, оны сотқа бағыттады, онда ақтаусыз негіздер бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы шығарылды.

Жаңа ашылған жағдайлар бойынша тексеріс қорытындысы бойынша азаматша Я-ның құқықтары және заңды мүдделері қайта қалпына келтірілді, соттың қаулылары жойылды және С. қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Өзінің қылмыстық әрекеттерімен ҚК 175 б. 2 т. «б» п. бойынша заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартуынан, қылмыстық сот өндірісі барысында дәлелдемелерді жалған жасағанынан көрінген азаматша Я-ның құқықтары және заңды мүдделерін бұзды. Сонымен қоса қоғам мен мемлекеттің мемлекеттік билік органдарының беделін түсіруден және Қостанай облысының ІІД беделін түсіруден көрінген заңмен қорғалатын құқықтарын бұзды.

Қостанай қ. №2 сотының 2015 жылғы 6-шы ақпандағы үкімімен ҚК 348 б. 2 т., 307 б. 2 т. бойынша 3 жыл мерзімде мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында белгілі бір лауазымды атқарудан айырылып 2 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚК 63 б. қолданумен арнайы лауазымы – полицияның аға лейтенанты шенінен айырумен  шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот сотталған адам мiнез-құлқымен өзiнiң түзелгенiн дәлелдеуге тиiс 3 жыл сынақ мерзiмi белгiленді. 

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу