Жұмыс қорытындысы өткізілді

31 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 30 желтоқсанда облыс прокуратурасының алқасында 2019 жылғы жұмыс қорытындысы шығарылды және алдағы жылға басым міндеттер мен негізгі бағыттар белгіленді.   

Кеңесте қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы нәтижелі тексерулер, жер мәселелері, тұрғын үй-коммуналдық саласының тарифтері, бюджетке келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша тексерулер атап өтілді.

Мысалы, прокурордың талабы бойынша 1 769 газ тұтынушылардың, 10 мың ауыл тұрғындарының суға субсидияланған тарифті қолдану кезіндегі құқықтары қорғалды.

Мемлекеттік сатып алу порталына жосықсыз ретінде мемлекеттік органдар енгізбеген 100 өнім беруші анықталды, қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды, 69 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды.

Қадағалау актісі бойынша 596 қызметкерге 42 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша берешек төленді.

Барлығы прокурорлар 173 мың азаматтың құқықтары қорғалды.

Бюджетке 2,3 млрд.теңге өтелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық.  

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша үйлестіру және өзара іс-қимыл нәтижесінде қылмыстың 15,3% - ға (15 710-дан 13 313-ге дейін) төмендеуіне қол жеткізілді.

Өңірде жасөспірімдер қылмысы 31% - ға, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны 23,8% - ға және бұрын 15,9% - ға төмендеді.

Жұмыстың нәтижелері қадағалаудың басқа да басым бағыттары бойынша да атап өтілді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы