Жас қызметкерлерге арналған семинар-тренинг

17 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасы 2020 жылғы 12 маусымда бейнеконференцбайланыс арқылы жас қызметкерлер арасында қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі, сондай-ақ  азаматтық,  әкімшілік істер бойынша қадағалауды және атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ететін семинар-тренинг  өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – жас қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру.

Семинар-тренинг барысында Бейінді басқарма азаматтық, әкімшілік істер және атқарушылық іс жүргізу бойынша прокурорлық қадағалау негіздерін түсіндіру бойынша жұмыс жүргізді. 2020 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы зерделенді.

Сот шешімі шығарылғанға дейін және апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотқа өтінішхаттар енгізгенге дейін талап-арызды зерделеуден бастап прокурордың іс-әрекет жоспары әзірленді.

Қатысушы прокурорлардың бейнеконференцбайланыс (ZOOM, wacсap) арқылы сот отырысына қашықтан қалай қатысатыны, сұрақтар қойатыны, өтінішхаттар мәлімдейтіндігі, дәлелдемелерді зерттеуге қатысатыны және іс бойынша қорытынды беретіні көрнекі түрде көрсетілді.

Сонымен қатар  осы  қадағалаудың түрінде прокурорларға қойылатын міндеттер түсіндірілді, тараптар мәлімдеген өтініштерді қоса алғанда, қандай да бір мәселе бойынша жылдам еске түсіру ретінде күнделікті жұмыста пайдалануға болатын брошюралар түріндегі қысқаша әдістемелік ұсынымдар берілді.

 Қорытындылай келе, жас қызметкерлерге өз қала мен ауданының сот практикасын зерделей ғана қоймай, сондай-ақ прокурордың жалпы Республика бойынша қатысуы міндетті азаматтық істерді қарау практикасын зерделеуі  ұсынылды.  

 

 

Қостанай облысының

прокуратурасы