Жалған дипломмен жұмыс істеген бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері анықталды

15 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Рудный қаласының прокуратурасымен бюджеттік мекеменің қызметкерлері жоғарғы оқу орындарын бітіргендігі туралы жалған дипломдармен жұмыс жасау фактілері анықталды.

Қадағалау актісі бойынша Рудный қалалық Құрылыс бөлімінің бастығы Е.Ж. Тұрмағамбетов қызметінен босатылды және ҚР ҚК-нің 385 бабы 3 бөлімі бойынша жоғарғы оқу орындарын бітіргендігі туралы жалған дипломды пайдаланғаны үшін сотталды.

Қаланың 4 мектебінде көп жылдар бойы балаларды арнайы білімісіз оқытып келе жатқан барлығы 7 еңбек, дене шынықтыру, орыс және ағылшын тілдері мұғәлімдері, сонымен қатар бастауыш сынып мұғәлімдері.

2008 жыл мен 2016 жылдары аталған мұғәлімдер Ы. Алтынсарин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтын бітіргендігі туралы жалған дипломдарының негізінде жұмысқа орналасқан.

Бюджеттік мекемелер қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері негізінде қызметкерлерге негізсіз шамамен 6 млн. теңге еңбек ақы төленген, қазіргі таңда мемлекет бюджетіне 1,5 млн. теңгесі қайтарылған.

Мұғәлімдермен жалған дипломдарды пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу