Ұзынкөл ауданының прокуроры тағайындалды

29 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ұзынкөл ауданының прокуроры тағайындалды - 525795689

Бас Прокурордың 2020 жылғы 27 мамырдағы бұйрығымен Ұзынкөл ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Мейрам Жақсылықұлы Кузбаев тағайындалды.

Мейрам Жақсылықұлы Кузбаев 1981 жылы Қостанай облысының Сарыкөл ауданында дүниеге келген. Екі жоғары білімі, оның ішінде заңгерлік білімі бар. Қостанай облысы бойынша ҚСжАЕАКБ бөлімінің прокурорынан жол бастаған. Әртүрлі жылдары Қостанай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, қалалық прокуратура бөлімінің бастығы, Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы, Қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

         Осы уақытқа дейін Қостанай облысы прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

         Заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша мінсіз қызметі үшін Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының басшылығы бірнеше рет марапаттаған болатын.

Сыныптық шені - әділет кеңесшісі.

Қостанай облысының прокуратурасы