Ұрлық бойынша жазаны ауырлату

22 маусым 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылғы 11 қаңтар айында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы күшіне енген.

Жоғарыда көрсетілген Заңнама кең тараған қылмыстық құқық бұзушылық нормаларына жаңа еңгізулер еніп отыр. 

 

Қылмыстық кодекске енді жаңа 188-1 мал ұрылығы бабы енген, оның санкциясы өте қатаң болып отыр. Бөтен адамнын малын ұрлағанда 300 айлық есептік көрсеткіш айыппұлы немесе мүлікті тәркілеп 5 жылға бас бостандықтан айыруы көзделген. Ал аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ құрамында мал ұрласа мүлікті тәркілеп 7 – 12 жыл арасында бас бостандығынан айыруы қаралған.

Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлықта өзгертуге сәйкес Қылмыстық кодекстің 188 бабы 3 бөлігі 36 тармағына қатаң жауапкершілікке өткен. Егерде алдын осы қылмыс бойынша жаза 5 жылға дейін бас бостандықтан айыру көзделсе, өзгертуге сәйкес мүлікті тәркілеу арқылы 2 – 7 жыл арасында бас бостандықтан айыруы бекітілген. Ал егерде ұрлық аса ірі мөлшерде немесе қылмыстық топ құрамында ұрлық жасаса мүлікті тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандықтан айыруы көделіп отыр. Көрсетілген жағдайларда жәбірленушіге материалдық шығын толығымен қайтарғанымен жәбірленуші ешқандай да бір шағымы жоқ болса да еңгізілген өзгертулерге сәйкес татуласу арқылы қылмыстық істі тоқтатуы мүмкін емес.

   Мысалыға, азамат Е, ағымдағы жылда 2 қылмыстық іс тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, бірнеше рет жасаған. Ұрланған заттың барлығы жәбірленушіге қайтарылсада және жәбірленушінің шағымы бомаған жағдайда да азамат Е, Әулиекөл аудан сотымен 2020 жылғы 22 мамыр айында 3 жыл 6 айы бас бостандықтан айырылған.

Айта кету керек, 2019 жылғы еңгізілген өзгертулерге сәйкес бірнеше рет жасалған қылмысы «орташа ауырлық» құрамынан «ауыр қылмыс» құрамына өтіп отыр. Осыған қатысты, айыпталушыны жәбірленушімен татуласу арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі жойылып отыр.

Қылмыстық кодекске еңгізілген өзгертулер бір тұлғамен жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды азайтуға бағытталып отыр.  

 

 

 

Әулиекөл аудан прокуратурасы