Сотталушылар орындығында...кәмелетке толмаған

12 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот 2002 ж.т. кәмелетке толмаған С. қатысты жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша соңғысының абайсызда өліміне әкеп соққан қылмыстық істі қарады.

         Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотта 2019 жылдың тамызында 2002 ж.т. кәмелетке толмаған С. 2005 ж.т. жас Д. топ болып, елеусіз себепті пайдаланып, 1968 ж.т. жәбірленуші К. өмірлік маңызды органдарына көптеген аяқ соққыларын келтіргені анықталды.

         Алған дене жарақаттарынан жәбірленуші К. келесі күні ауруханада қайтыс болды.

         Жас Д. қатысты қылмыстық іс қылмыстық жауаптылыққа жататын жасқа толмағандығына байланысты тоқтатылды.

         2019 жылғы 8 қарашадағы сот үкімімен кәмелетке толмаған С. ҚК 106-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылып, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде жаза өтеумен 6 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды.

         Үкім заңды күшіне енбеген.

         Қостанай қ. полиция қызметкерлері 2005 ж.т. жас Д. профилактикалық есепке қойды, ал оның анасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру жөніндегі міндеттерді орындамау)  бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу