Рудныйда 10 тұлға жалған дипломмен жұмыс істеген

28 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Рудный қаласының прокуратурасы жалған дипломмен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерімен еңбек қызметін жүзеге асырудың 10 фактісін анықтады.  

Қадағалау актісі бойынша қала әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Е.Ж.Тұрмағамбетов жұмыстан босатылды және ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабының 3-бөлігі бойынша жоғары білім туралы жалған дипломды пайдаланғаны үшін сотталды.

Төрт мектеп пен бір колледжде көптеген жылдар бойы еңбек, дене шынықтыру, орыс және ағылшын тілдерінен және басқа да пәндерден іс жүзінде жоғары білімсіз 9 оқытушы белгіленген пәндерден оқушылар мен студенттерге сабақ беріп келді.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне негізсіз 9 млн. теңгеден астам жалақы төленген, оның ішінде қадағалау актісі бойынша 3,5 млн. теңгенің орны толтырылды.

Қазіргі таңда мектептің 7 мұғалімі жалған дипломдарды заңсыз пайдалану фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды және 2-іне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу