Рудный қаласында әкімшілік айыппұлдар көлемі 70 млн. теңгеге азайды

27 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облыстық прокуратурасының әкімшілік айыппұлдарды өндіртуге арналған акциясының аясында, Рудный қаласының прокуратурасы әкімшілік тәжірибе субъектілері мен сот орындаушыларының қатарынан жұмыс тобын құрды.

Өкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы, борышкерлерді анықтау, автокөлік құралдарын анықтау және тәркілеу бойынша рейдтер күнделікті өткізіледі. Сонымен қатар, борышкерлерді ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669 бабы, яғни сот шешімдерін орындамағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жасалуда.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы борышкерлер берешек туралы және оны өз еркімен төлеу қажеттігі жайында хабардар етіледі.

Бір ай ішінде 32 тұлға айыппұлды төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл бойынша берешек 70 млн. теңгеге азайды.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу