Рудный қ. прокуратурасымен жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылуда

22 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Рудный қаласының прокуратурасымен жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдармен қабылданатын шаралардың тиімділігіне талдау жүргізілді. 

Талдау жүргізу барысында психиатриялық және наркологиялық есепте тұрған 5 көлік жүргізуші анықталды.  

Медициналық қайшылықтар тізіміне сәйкес (Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрдің 9 қараша 2015 жылы №853 бұйрығымен бекітілген) психоактивті заттарды қолданудың салдарынан мінез-құлқының бұзылуы мен психикалық бұзылу диагнозымен тұрған тұлғаларға көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынатыны қарастырылған.

«Жол жүрісі туралы» Заңның 75 бабына сай медициналық қорытындымен расталған, көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы көлік құралдарын басқару құқығын тоқтатуға негіз болып табылады.

Сондықтан көлік жүргізуге шектеулер мен қайшылықтары бар жоғарыда аталған тұлғалар көлік жүргізу құқығына ие бола отыра жол жүру қауіпсіздігіне шынайы қауіп төндіруде.

Осыған байланысты қала прокуратурасы аталған тұлағалармен көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату және жүргізуші куәліктерінің күшін жою туралы талап арыздарды енгізуде бастамашылыққа алды.

Бүгінгі таңда қалалық сотпен 2 талап арыз қанағаттандырылды, ал қалғандары қаралу сатысында. 

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу