Прокуратура күніне арналған салтанатты іс-шара

06 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокуратура күніне арналған салтанатты іс-шара - 410981135

         Бүгін облыс прокуратурасында кәсіби мереке күніне орай салтанатты жиын өткізілді.        

 Іс-шараға прокуратура органдарының ардагерлері, әскери және көлік прокуратураларының қызметкерлері қатысты.

Облыс прокуратурасының басшылығы әріптестерін құттықтап, прокуратура органдарының алдында тұрған жауапты міндеттерді орындауда сәттілік тіледі.

Мерекеге орай мінсіз қызметі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құрмет грамоталарымен, сыныптық шендермен және ведомстволық наградалармен мадақталды.

Ресми жиыннан кейін мерекелік концерт өткізілді.

                                                             

Қостанай облысының прокуратурасы