Ойын бизнесінің саласында заңсыз ұйымдастырғаны үшін сотталды

24 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында казино мен ойын автомат залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.   

         Қолданыстағы заңның орнатылған нормаларына қарамастан 2019 жылы Қостанай қаласы аумағында заңсыз «Ойын» бизнесін ұйымдастыру фактісі орын алды. 

         Осылайша П. азаматы қаланың букмекерлік кеңселердің бірінің басқарушысы бола тұра, заңсыз жеке мүліктік пайда алу мақсатында,             Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» Заңының талаптарын бұза отырып, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы аумағында «электрондық казино» қызметіне тыйым салу туралы, өз букмекерлік кеңселерінде дербес компьютерлерге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін келесі қосымшаларды (құмар ойындарын) орнатты: «Keno 1 min», «Keno 2 min», «Keno 4 min», «Keno Gold», «Fortune 1,5 min», «Poker». 

        Осымен бірге П. азаматы дербес компьютерлерді пайдалана отырып, ойын бизнесі саласында қызметті жүзеге асырды, осылай ҚР ҚК 307-бабы     1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты бұзды -  ойын мекемесiн заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесi саласындағы қызметтi заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру не Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс құмар ойындарын ұйымдастыру және өткізу не ойын бизнесі саласындағы қызметі лицензиясыз жүзеге асыру.  

Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен  П. азаматы 1 жылға бас бостандығынан шектелді.   

Соттың үкім заң күшіне енді. 

 

                                                                  

Қостанай облысының

прокуратурасы 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу