Облыс прокуратурасында түнгі уақытта алкоголді ішімдіктер сату мәселесі талқыланды

13 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуратурасында түнгі уақытта алкоголді ішімдіктер сату мәселесі талқыланды - 989893723

Заң бойынша күштілігі 300 асатын алкоголді сағат 21:00-ден келесі күннің 12.00-ге дейін сатуға болмайды (арақ, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдары, коньяк, ром). Күштілігі 300 төмен спирттік ішімдіктерді сағат 23.00-ден таңғы 8.00-ге дейін сатуға тыйым салынады (вино, сыра, спирт сусындары, морстар, тұнбалар және хош иісті спирттер).

Бірақ, бұл тыйым салуларды бізде үнемі сақтамайды.

Әрбір тұрғын қай жерден әрқашан алкоголдік ішімдікті кедергісіз сатып алуға болатынын біледі. Ал ауылды жерлерде тіпті үйлерде сатады. Бұл мас күйінде құқықбұзушылық жасауға әкеліп соғады. Статистика бойынша қылмыстардың төрттен бірін адамдар мас күйінде жасайды (2017 ж. 10 айы бойынша – 1363 тұлға жауапкершілікке тартылды; 2016 ж. 10 айы бойынша – 1396 тұлға жауапкершілікке тартылды). Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша 1750 жүргізушілер ішімдікке салынған күйінде ұсталып, әкімшілік жауапкершілкке тартылды (2016 ж. – 2 982 тұлға).

Жергілікті полиция қызметінің (әрі қарай - ЖПҚ) қызметкерлері спирттік ішімдіктерді заңсыз сатуды анықтау бойынша үнемі тексерістер (рейд) өткізеді.Бірақ, алкоголдік ішімдіктерді заңсыз сату орталықтары азаймауда.

Неге біздің облыста салынған тыйымды бұзудан қорықпайды және тыйым салынған уақытта алкоголді әрі қарай сатуды жалғастыруда деген сұрақ туындады. 

Оның сепебтерінің бірі – тек сатушыларды ғана жауапкершілікке тарту. Сату орталықтарының иелері, еш қиындықсыз айыппұл төлеп, оңай құтылады (2017 ж. жеке тұлғаға тағылатын айыппұлдың соммасы – 22 690 теңге;  2016 ж. – 21 210 теңге немесе 10 АЕК) және әрі қарай сатумен айналысады.

Осы проблемалар прокуратурада соттардың және полиция қызметкерлерінің қатысуымен талқыланды.

Бірге іс-шаралар кешені және нақты әрекет ету жоспары  дайындалды. Заң бұзған дүкендердің лицензияларын сот арқылы уақытша тоқтатамыз, егер қайта бұзған жағдайда мүлдем тоқтатуға қол жеткіземіз.

Осы көкейтесті тақырып бойынша сіздердің пікірлеріңізді тыңдауға әрқашан дайынбыз. Алкоголдік ішімдіктерді түнгі уақытта заңсыз сату бойынша ақпараттарыңызды комментарида қалдыруға немесе 7142157@prokuror.kz және 7142312@prokuror.kz электрондық мекен-жайға жолдауға болады (құпиялыққа кепіл береміз).

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Облыс прокуратурасында түнгі уақытта алкоголді ішімдіктер сату мәселесі талқыланды - 1089214706
Облыс прокуратурасында түнгі уақытта алкоголді ішімдіктер сату мәселесі талқыланды - 1417937341
Облыс прокуратурасында түнгі уақытта алкоголді ішімдіктер сату мәселесі талқыланды - 159860303

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу