Облыс прокуратурасында өткізілген ВЖК туралы

26 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

Облыс прокуратурасында құқық қорғау органдары жұмысының қорытындысы бойынша ведомствоаралық кеңес өтті, онда өңірдегі қылмыстың жай-күйі, құқық бұзушылықтың профилактикасы және есепке алу-тіркеу тәртібінің мәселелері талқыланды.

Кеңесте 2019 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша құқық қорғау және жергілікті билік органдарының қызметін үйлестіру нәтижесінде қылмыс деңгейі 12,5%-ға (10794-тен 9504-ке дейін), әсіресе адам өлтіру 18%-ға (50-ден   41-ге дейін), қарақшылық 28%-ға (28-ден  20-ға дейін), тонау 23%-ға (398-ден  304-ке дейін), бұзақылық 36%-ға (284-тен  180-ге дейін), қылмыс 29%-ға (137-ден 108-ге дейін) төмендеді және төмендеуін жалғастыруда.

Кеңес қорытындылары бойынша кәмелетке толмағандардың жеке басына және жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы ауыр қылмыстардың алдын алу бойынша қосымша шаралар, сондай-ақ есепке алынған контингентке қатысты алдын алу шаралары мен әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау бойынша шешім қабылданды.

Облыстың ПД, қала және аудан прокурорларына нақты ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Одан басқа, Қостанай облысының прокуратурасы «Электрондық қылмыстық іс» жалпы республикалық жобасын белсенді түрде ілгерілетуде.

Бұл, ең алдымен, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға және қылмыстық істерді тергеп-тексерудің ашықтығын қамтамасыз етуге негізделеді.

2018 жылы Қостанай облысының полиция органдары үшін жеке компьютердің 284 жинағы, жеке деректерді қорғау және құпиялылықты сақтау үшін шифрлаудың 24 бағдарламалық-аппараттық кешені сатып алынды. Жабдық барлық қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің жұмысын қамтуға мүмкіндік береді.

Полициядан басқа, жабдықтар соттар мен Экономикалық тергеу департаменті үшін сатып алынды.

Бүгінде белгілі бір жетістіктер бар.

10 ай ішінде 3 332 қылмыстық іс электрондық форматта тергелді.

Жобаны іске асыру жалғасуда.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу