Меңдіқара аудандық прокуратурасымен азаматтарды қабылдау өткізілді

21 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Меңдіқара аудандық прокуратурасымен «Сотталғандарды әлеуметтендіру» жобасы шеңберінде уәкілетті органдардың қатысуымен, пробация қызметінде есепте тұрғандар және бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарды қабылдау өткізілді.

Қабылдау барысында, кездесудің қатысушыларына облыс прокуратурасымен «Пробация үйі» пилоттық жобасының жүзеге асырылуы мәлімет ретінде жеткізілді, пробация қызметімен Қазақстан Республикасы «Пробация туралы» Заңынының негізгі ережелері түсіндірілді. 

Нәтижесінде, 1997 ж.т. Л.Н.Швечихинадан (31.08.2017  ж. Іле аудандық сотының қаулысымен  ҚР ҚК-нің 73 б. 3 б. 2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған)  «Кәсіби техникалық колледжі» МҚКҚ-на (Меңдіқара ауданында орналасқан) «аспазшы» мамандығы бойынша оқуға түсуге көмек көрсету туралы сұраныс түсті.  

Аталған колледж директорының жиналыста қатысуына байланысты,  Л.Н. Швечихинаның сұрағы тікелей сол жерде шешіліп, 2018 ж. қаңтарында Л.Н. Швечихина  «аспазшы» мамандығы бойынша колледж оқушыларының тізіміне қосылатын болады.       

Аталған жұмыс жалғастырылатын болады, кездесу өткізілетін кесте «Мендықара үні» жергілікті газеті арқылы мәлімет ретінде хабарланды.   

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу