Қылмыстық-атқару заңнамасының өзгерістері

12 наурыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2020 жылдың 11 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілді.

Заңда әрекеттердің қылмыстылығы мен жазаланушылығын жоятын, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жағдайын өзгеше түрде жақсартатын нормалар бар.

Бас бостандығын шектеуге, сондай-ақ қауіпсіздігі орташа немесе барынша төмен мекемелерде жазасын өтеуге сотталған адамдарға күзетпен ұстау уақытын есепке алудың жаңа тәртібі енгізілді.

Қылмыстық кодекстің 6-бабына сәйкес мұндай нормалардың кері күші болады және жазаны өтейтіндерді қоса алғанда, Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қылмыс жасаған адамдарға қолданылады.

Қостанай облысының прокурорлары тұрақты негізде сотталған адамдардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Заңның қолданысына түсетін сотталғандарға сотқа өтінішхаттар жіберуде көмек көрсетілді.

Бүгінгі таңда сотқа 495 өтінішхат жолданды, оның 296 материалы қаралды.

Нәтижелері бойынша 295 сотталғанның жаза мерзімі төмендетілді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы