Құқық қорғау қызметтері орталығында «Ашық есік күні» акциясы өткізіледі

14 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Құрметті облыс тұрғындары!

А.ж. 24 қарашасында Құқық қорғау қызметтері орталығында (Қостанай қ., Толстой көш. 57) «Ашық есік күні» акциясы өткізіледі, онда облыс прокуратурасының басшылығымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін прокуратура органдарының құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша (өздерін қорғай алмайтын тұлғалардың, шектелмеген адамдардың құқықтарын бұзу, сондай-ақ қылмыстық процесстің сотқа дейінгі сатысына, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қатысты сұрақтармен) жеке қабылдау жүргізіледі.

Қабылдауға жазылу үшін Қостанай облысының прокуратурасына келесі мекен-жай бойынша жүгіну қажет: Қостанай қ., Алтынсарин көш. 118А (Азаматтарды қабылдау орталығы) немесе 8-(7142)-54-94-94 телефонына хабарласу қажет.

Қабылдауға алдын ала жазу а.ж. 22 қарашасында аяқталады. 

 

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз хабарламасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу