Қостанай облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді

13 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қостанай облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі  үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді - 139364380

2019 жылдың 12 қыркүйегінде облыс прокуратурасының бастамасы бойынша Қостанай облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіліп, онда мемлекет кірісіне және кәмелетке толмағандарды күтіп-бағуға алиментті өндіру туралы құжаттарды орындау бойынша сот орындаушылары жұмысының тиімділігі сұрақтары талқыланды.

Мәжіліске Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, облыстың Әділет департаментінің, облыстың Полиция департаментінің әкімшілік және көші-қон, жергілікті полиция қызметі басқармаларының өкілдері қатысты.

Монополиялар субъектілеріне қатысты құжаттарды орындау, алимент бойынша борышкерлерді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту, жүргізуші құқықтарының әрекетін тоқтату туралы сот ұйғарымдарын орындау және басқа да сұрақтар талқыланды.

Мәжіліс қорытындылары бойынша сот орындаушылары жұмысының тиімділігін көтеру, уәкілетті органдардың іздеу және кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі бірлескен үйлестіру іс-шаралары әзірленді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу