Қостанай облысының прокуратурасында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмысы қорытындыланды

18 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысының прокуратурасында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша жұмысының қорытындысы алқа жиналысында қаралды.

Еңбек ақы сұрағына, тұрмыстық-коммуналдық саладағы баға мен бюджетке келтірілген залалдың орнын толтыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Прокурорлар, ірі 3 таукен өндіру кәсіпорындарының (ССГПО, Қостанай минералдары және Өркен) 3,5 мың жұмыскерлерінің мүдделерін қорғап, үстеме жұмыс үшін олардың пайдаларына 135 млн. теңге өндірді.

 «Еңбек» РМК Қостанай филиалында жүргізілген тексеріспен, жалған жалақы төлеу жолымен 40 млн. теңге көлемінде бюджетке шығын келгені анықталды. Қазіргі таңда, арнайыпрокурормен Филиал басшылығына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Бөгде адамдарға тіркелген 6 кәсіпорын анықталып, олармен 1 млрд.теңге көлеміндегі ақшаны қолма-қол айналдырғаны белгілі болды. Прокуратураның талабына сәйкес, мемлекеттік кірістер органымен мемлекеттік бюджетке 182 млн. тенге өндірілді.

100 млн.теңге көлемінде салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жалтарғаны үшін «О-Р» ЖШС фирмасының басшыларына қатысты есептен жасырылған қылмыстық іс қозғалды.

Жекешелендіру саласында 6 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды және 4 пәтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда.

Мысалы, Рудный қаласында мүгедектер санатына жатпайтын тұлғаларға пәтер берудің жолы анықталды. Осы аталған факті бойынша қылмыстық іс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен тергеліп, қазіргі таңда негізінен қарау үшін сотқа жолданды.

Азаматтық-сот саласында қадағалауды жүзеге асыруда, апелляциялық шешіммен облыс прокуратурасының 20 апелляциялық өтінішхаты қанағаттандырылды, прокуратураның 3 ұсынысы бойынша Жоғарғы Сотта 159 млн. тенгеге мемлекеттің мүддесі қорғалды, сондай-ақ, осы жылдың шілдесінде салық дауы бойынша 1,4 млрд.теңгеге «В» ЖШС-не қатысты сот шешімінің күші жойылды.

Есепке алу-тіркеу тәртібінің айқындылығы қамтамасыз етілді, оның себебін СДТБТ тіркелген  арыздардың (11 413-тен 13 566-ға дейін) өсуімен қатар, келіп түскен арыздар санының (41 616-дан 40 334-ке дейін) төмендеуінен байқауға болады, қылмыстық процесстің міндетін жедел орындалуы қамтамасыз етіліп, қылмыстылықтың деңгейі 5,4%-ға дейін төмендеді.

Өңірлерге шығып жүргізілген тексеріс нәтижесінде, ішкі істер бөлімдеріне (404) және экономикалық тергеу қызметіне (5) азаматтарды заңсыз жеткізу фактісі анықталды.

Сондай-ақ, Денисовка АІІБ-нің анықтаушысы «И»-мен жәбірленушінің келісімінсіз, тараптардың татуласуына байланысты, кінәлі тұлға «К»-ға  қатысты қылмыстық істі заңсыз қысқарту фактісі анықталды. Қолданылған прокурорлық ықпал ету шарасының нәтижесінде, кінәлі тұлға «К» бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға тартылды.

Прокуратураның құқық қорғау қызметтері орталығында 1,8 мыңнан астам азаматқа көмек көрсетілді.

Орталық ашылған сәттен бастап облыстың түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандармен бейнеконференциялық байланыс арқылы облыс прокурорымен және ҚАЖД бастығымен 3 жеке қабылдау өткізілді.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу