Қостанай облысының прокуратурасы қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмысты ұйымдастыру барысын тексерді

31 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай облысының прокуратурасы қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмысты ұйымдастыру барысын тексерді

 

Облыс прокуратурасы тарапынан коммуналдық және қатты-тұрмыстық қалдықтар саласымен айналысатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру барысында көптеген бұзушылықтар анықталды.

Олардың қатарында полигондардың экологиялық және санитарлық-эпидемиялогиялық нормаларға сәйкес келмеу, ҚТҚ полигондарының орналасу жері тұрғын үйлерге жақын орналасқан.

Апатты және рұқсат етілмеген қоқыс тастау орындары анықталды. Облыстың ауылдық елді-мекендерінде сұйық қалдықтарды төгуге арналған жерлер белгіленбеген.

 «Тазалық-2012» ЖШС-ның 26 қызметкеріне негізсіз жалақы және компенсациялық өтемақылар төленген. Келтірілген зиян 1,8 млн. тенгені құрайды.

Тауарларды сатып алу келісім-шартына отырғаны және қызметін орындауда мемлекеттік сатып алу туралы нормаларды қолданбағаны үшін «Тазалық-2012» ЖШС басшысы А.П. Кушнирға қатысты 2,2 млн. тенге сомасы көлемінде айыппұл салынды, әкімшілік істер қозғалды. (толық көлемде төленді).

Барлық тексеріс нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тарапынан заң бұзушылықты жою туралы 7 ұсыныс енгізілді, 15 тұлға  жауапкершілікке тартылды. (с.у. әкімшілік жауапкершілікке 10 тұлға және тәртіптік жауапкершілікке 5)

Қаржылық бұзушылық фактісі бойынша 2 соталды тергеу басталды.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу