Қостанай қаласының прокуратурасы мемлекеттік сот атқарушыларының қызметін тексеру барысында сот актілерінің қасақана орындалмаған фактін анықтады

12 шілде 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Азаматтық – құқықтық дауларды шешу кезінде жеке және заңды тұлғалар бұзылған құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінеді және де сотпен қабылданған шешімдер Республиканың барлық аумағында міндетті түрде орындауға жатады. 

Алайда, тиісті деңгейде орындалмағандықтан, бұзылған құқықты қорғау мүмкіндігі жоғалады, сондықтан да сот атқарушыларының қызметінде заңдылықты қадағалау прокурорлық қадағалаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік сот атқарушыларының қызметін тексеру барысында Қостанай қаласының прокуратурасы сот актілерінің қасақана орындалмаған фактін анықтады.

Осылай, 16.08.2010 жылғы сот шешімі бойынша К.К.Бисимбаевтан «Альянс Банк» АҚ пайдасына 3 801 329 теңгені өтеп алу туралы атқарушылық іс жүргізуді тексеруде банк алдында төленбеген қарызы бола да, борышкердің 1999 ж.ш. Lexus RX300 маркалы автомашинаны алғаны анықталды.

2011 жылдың ақпан айынан бастап 2012 жылғы сәуір айына дейін К.К.Бисимбаев қарызды жартылай өтеген, алайда қарыз алушы К.К.Бисимбаевтың несие қарызы 10 мың АҚШ долларынан астам болды.

Қолданыстағы заңнамамен сот актісін қасақана орындамаған үшін жауапкершілік қаралған, осы орайда қала прокуратурасы К.К.Бисимбаевтың атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерге қатысты ҚК 362 б. 1 т. бойынша қылмыстық іс қозғады.