Қостанай қаласы Полиция басқармасының жаңа уақытша ұстау изоляторы туралы

24 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай қаласы Полиция басқармасының

жаңа уақытша ұстау изоляторы туралы

 

         Уақытша күзетпен ұстау және әкімшілік қамаққа алудың тәртібі мен шарттарын қосқанда, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау құқық қорғау органдарының негізгі басымдылығы болып табылады.

Бұдан бұрын (2014 жылға дейін) Қостанай қ. уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі – УҰИ) әкімшілік ғимараттың жертөле үй-жайында орналасқан және санитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты оның қызметі прокуратураның бастамашылығы бойынша тоқтатылған болатын.

Соңғы жылдар бойы ұсталған азаматтар облыс орталығынан 45 км қашықтықта орналасқан Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына жеткізілген, бұл белгілі бір қиындықтар тудырған болатын.

2017 жылдың қазанында облыс әкімдігі жәрдем беру кезінде жаңа УҰИ жобалау-сметалық құжаттамасын құрастыруға, ал 2018 жылы құрылысқа арналған қаражат бөлінген.

Бүгін а.ж. 24 қыркүйегінде облыс әкімінің және облыстың құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен барлық ұсынылатын талаптарға сәйкес келетін УҰИ жаңа ғимараты ашылған болатын.

 

        

 

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу