Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

20 қазан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 531187159

Бүгін Құқық қорғау қызметтері орталығының салтанатты ашылуы болады.

Бұл жерде азаматтарға құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша көмек көрсетіледі.

Орталықтың негізгі буыны – кезекші прокурорлар, олар азаматтардың әлеуметтік-экономикалық саладағы өтініштерін, әкімшілік өндіріс, сотқа дейінгі тергеу, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілеріне қатысты сұрақтарын қарастырады.

Аймақтық прокуратуралардан және өзге өкілетті органдардан ақпаратты жедел түрде алу үшін кезекші прокурорлардың негізгі ақпараттық жүйелерге кіру мүмкіндіктері болады.

Болашақта, электронды қылмыстық және әкімшілік істерді енгізгеннен кейін, қылмыстық немесе әкімшілік ісетр бойынша арыз берілгенде кезекші прокурорлар арызданушылардың деректерін тексеру үшін материалдарды онлайн түрінде зерттей алады.

Сонымен қатар, орталықта адвокат, медиатор, мемлекеттік кіріс департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Әділет департаментінің және өзге де өкілетті органдардың өкілдері азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Қостанай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1505142363
Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1621844607
Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 839568861
Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 179871776
Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 976160821
Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 1372537326
Қостанай қалалық прокуратурасының ғимаратында Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды - 825544519

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу